Өтініш беру және кезекке қою
Мектепке дейінгі ұйымға қалай қабылдануға болады?
Баланы мектепке дейінгі ұйымға орналастыру үшін алдымен кезекке қоюға өтініш беру қажет.
Балабақша туралы
«Болашақ» балабақшасы – балалардың жан-жақты дамуына, сапалы білім мен тәрбие алуына қолайлы жағдай жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымы.
Біздің басты мақсатымыз – әр баланың жеке қабілеттерін ашып, шығармашылық, танымдық және әлеуметтік дағдыларын дамыту. Балабақшада балалардың қауіпсіздігіне, денсаулығына және жайлы ортада тәрбиеленуіне ерекше көңіл бөлінеді.
Бейнежазбалар
Жаңалықтар
    Біздің балабақшамыз несімен жақсы?
    • Оқыту әдістері
      Оқытушылардың жеке тәжірибесіне негізделген. Оқу бағдарламасы әрдайым заман талабына сай жаңартылып отырады, заманауи құралдар мен материалдар қолданылады.
    • Топта 8–10 бала
      Шағын топ — оқытудың ең тиімді тәсілі. Әр балаға жеке көңіл бөлініп, оның қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі.
    • Жеке тәсіл
      Әр бала — ерекше! Бізде арнайы жеке бағдарламалар жоқ, бірақ әр балаға бірдей деңгейде назар бөлінеді.
    • Ересектердің қатысуы
      Ата-аналар сабақтың қалай өтетінін көргісі келсе, сабаққа қатысуына рұқсат етіледі. Негізгі ереже — сабаққа бірге қатысып, белсенді болу :)
    Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Qazaqstan» деген жазу – алтын түстес.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
    Контакты
    87781564652
    Asel.kabiyeva@mail.ru
    с.Жибек жолы ул. М.Маметова,29
    © 2026 Детский сад Болашак
    Біздің байланыс
    Телефон: +7 (776) 909-23-23
    • Имейл: too_tautenov@mail.ru
    Біздің мекен-жайымыз
    • Акмола облысы Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылы, Маметова 29
    Made on
    Tilda